Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жүрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Нұрдәулет Төлеев 2008 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінде жұмыс істеп келеді:
Оның орнына Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Ол Президент әкімшілігіне 2008 жылы келген:
"Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Дәурен Ерғарин бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында жұмыс істеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!