Президент 7 жылда Қазақстан қалай өзгергенін айтты

Президент 7 жылда Қазақстан қалай өзгергенін айтты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7 жылда Қазақстан қалай өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі.

"Азаматтарымыз елімізде жүргізілген реформалардың тікелей куәгері болып, сол өзгерістердің нақты нәтижесін көріп отыр. Кейінгі 7 жылда жалпы ішкі өнім 29 пайызға артып, 306 миллиард долларға жетті. Алтын-валюта резерві және Ұлттық қор активтерінің көлемі 138 миллиард доллардан асты. Осы кезеңде елімізге 162 миллиард доллардан аса инвестиция тартылды", - деді Президент.

Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайыздан асқан.  

"Қазақстанда жыл сайын 20 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй бой көтереді. 2019 жылдан бастап, 1 миллионнан аса оқушыға арналған 1342 мектеп салынды. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетті. Сондай-ақ, 1200-ден аса денсаулық сақтау нысаны ашылды. Осы уақыт ішінде 35 мың шақырымнан аса жол салынып, жөнделді. Мұның бәрін тарихымыздағы ең жоғары көрсеткіш деуге болады. Белсенді жұмыстың нәтижесінде Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді", - деді Мемлекет басшысы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget