Премьер-министр Әлихан Смайылов "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компанияның баспасөз хатшылығы Үкімет қаулысына сәйкес, "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Премьер-министр Әлихан Смайылов сайланғанын хабарлады.
Бұған дейін бұл қызметті Джон Дудас атқарған. Ол қордың тәуелсіз директоры ретінде директорлар кеңесінде қалады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!