- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Премьер-министрдің кандидатурасы қашан...
Премьер-министрдің кандидатурасы қашан ұсынылатыны анықталды
Бүгін Президент парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан Үкіметі отставкаға кеткен болатын. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді.
Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Үкімет жаңадан қашан құрылатынын айтты
Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли Премьер-министр мен үкімет мүшелерін тағайындау тәртібі туралы айтты. Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.
"Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-министрді тағайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады", - деді Берік Уәли.
Ол сондай-ақ сәрсенбіде, 7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін еске салды.
Қазақстан үкіметін 2 жылдан аса уақыт басқарған Әлихан Смайылов қазақстандықтарға үндеу жасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина