Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Қанат Бозымбаевтың қандай мәселелерге жетекшілік ететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Президенттің көмекшісі болған Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!