Премьер-министр Үкімет бұған дейін қай жерде қате жібергенін айтты

Премьер-министр Үкімет бұған дейін қай жерде қате жібергенін айтты
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұрынғы Үкіметтің қателігін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, былтыр бюджетке шамамен 600 млрд теңге түспеген.

"Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы былтыр Қаржы министрлігі бизнеске 600 млрд теңгеге жуық қосымша құн салығын қайтармағанын атап өтті. Сондай-ақ шұғыл шығындарды қаржыландыру үшін бюджетке 2024 жылғы төлемдермен аванс берілген. Бұл дұрыс жоспарламаудың салдарынан болған. 2023 жылы түсуге тиіс болған кірістер жоспары асыра пайдаланды. Мұндай тәжірибе қайталанбауға тиіс", - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол инфляцияны қатаң бақылауға тапсырма берді.

"Бағаның өсімін тежеу Үкімет үшін басым міндет болып қала береді. Серік Мақашұлы (Премьер-министрдің орынбасары), бұл мәселені күнделікті бақылауда ұстаңыз. Биыл біздің алдымызда инфляцияны 6-8 пайыз аралығында ұстау міндеті тұр.

Орталық және атқарушы органдар инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар сапалы орындау үшін барлық қажет шешімді қабылдауға, оның ішінде барлық жобаның іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс", - деді премьер-министр.

Еске салайық, бұған дейін үкімет басшысы Қазақстанда ҚҚС өспейтінін мәлімдеген еді.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget