Премьер-министр Әлихан Смайылов президент сайлауы аясында Үкімет жұмысының алдағы жылдарға белгіленген негізгі бағыттарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Үкіметтің алдағы жеті жылдағы негізгі міндеті - сайланған Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру. Экономикада, әлеуметтік салада және өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер осы сайлауалды бағдарламаның негізі", - деді Смайылов.
Смайылов барлық мемлекеттік орган мен ведомство осы мақсат үшін, яғни әділетті Қазақстан құру жолында халықтың мүддесіне сай күш біріктіріп, жұмыла еңбек етуі тиіс екенін атап өтті.
"Біз әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған барлық стратегиялық құжаттардың, бағдарламалар мен жобалардың нақты іске асуын қамтамасыз етуіміз керек. Үкіметтің жұмысы негізінен экономиканы демонополизациялауға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға және азаматтардың табысын арттыруға, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға және халықтың табысын арттыруға бағытталады", - деді Үкімет басшысы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!