- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Премьер-Министр «Цифрлы Қазақстан»...
Премьер-Министр «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік жобасы таныстырды
Күні кеше технологиялық серпін беріп, Қазақстанның дамуына жаңа қуат беретін «Цифрлы Қазақстан» жобасы таныстырылып, толықтырулар енгізу керек екендігі ескерілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік жобасымен танысып шықты. Жуырда жобаны толықтыру үшін арнайы комиссия құрылмақ. Елбасы жобаға жауапты мамандарға жыл соңына дейін уақыт беріп, толықтыру керек тарауларды мұқият талқыға алуды бұйырды. «Бұл жобаны жүзеге асыруға 2021 жылға дейін 251 миллиард теңге жұмсалады. Ал мұнда нақты бағыттар мен мақсаттар айқын емес. Сондықтан бар күшті жұмылдырып, атсалысайық. Цифрландыру мақсат емес, ол ғаламдық бәсекелестіктегі артықшылығымыз болуға тиіс», - дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Арнайы құрылатын комиссия Қазақстан, Ресей және Белорусь елдеріне ортақ болуы мүмкін. Айта кетсек, мемлекеттік жобаның бағдарламасын ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев таныстырды.
Ж. Өрісбай