- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жол сапасы
Премьер-министр БҚО әкіміне жолдарға қатысты ескерту жасады
Фото:
Видео кадры
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевке жолдардың ахуалына қатысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет басшысы облыста жолдарды жақсартудың орнына, керісінше, сапасы сын көтермейтінін айтты.
"Жылдан жылға сапалы жолдардың үлесі артуға тиіс. Ал сіздерде, керісінше, азайып жатыр. Республикалық деңгейде проблемаларды анықтап қана қоймай, оларды шешу қажет. Бұл үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы көлемі қарастырылуы керек. Мәселенің бәрін шешіңіз", - деді Бектенов.
Батыс Қазақстан облысының тұрғындары жолдың жағдайына жиі шағымданады.
Мысалы, бұл видео Ақсайда 2023 жылы түсірілген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан