- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Прагада студент 14...
Прагада студент 14 адамды атып тастады: зардап шекккендердің ішінде қазақстандықтар бар ма?
Сыртқы істер министрлігі Прагадағы атысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Чехияда атыс кезінде қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлады.
"Чехия билігінің алдын ала ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасынан құрбандар мен зардап шеккен азаматтар жоқ", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, бұған дейін де Прага орталығындағы университетте атыс болғаны хабарланды. Прага қаласының орталығындағы Карлов университетінде атыс болды. Салдарынан 14 адам оққа ұшып, 25 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл деректерді Чехия полициясы жариялады.
Шабуылдаушы оны ұстау операциясы кезінде қайтыс болды. Оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері атып өлтірді ме, әлде өз-өзіне қол жұмсады ма, бұл жағы белгісіз. Желіде атыс куәгері оқиғаны түсірген видео пайда болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина