- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Прага университетіндегі атыс:...
Прага университетіндегі атыс: Чехияда қанша қазақстандық білім алып жатыр?
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Прагадағы атыстан қазақстандықтар зардап шекпегенін және онда қанша отандасымыз білім алып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қайғылы оқиғадан ешбір Қазақстан азаматы зардап шекпеді. Олар бізден көмек сұраса, біз көмектесеміз", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ол Чехияда қанша қазақстандық студент барын айтты.
"Мұнда орташа есеппен 2 500-ден аса қазақстандық студент білім алып жатыр. Өкінішке қарай, біз нақты санды айта алмаймыз. Себебі ол жаққа азаматтарымыз өздері барады, бізге ескертпейді. Біз Чехия билігімен деректерді нақтылаймыз", - деді ресми өкіл.
Еске салайық, бұған дейін Чехияда атыс болып, 11 адам қаза тапқан еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан