Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған жолаушыға айыппұл салынды

Қарағанды облысында пойыздың тоқтату кранын жұлып алған жолаушы әйелге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

9 қазанда Қарағанды – Сұрыптау станциясынан Астана – Семей бағытындағы жолаушылар пойызы жөнелту кезінде тоқтату кранын жұлып алғандықтан, пойызды кестеден тыс тоқтатуға тура келді.

Тексеру барысында көлік полицейлері Қарағанды облысының тұрғынын анықтады. Ол пойызға кешігіп, вагон тұтқасынан ұстап алған. Әйелге 5 АЕК айыппұл салынды.

Еске салайық, негізсіз пойыздың тоқтату кранын жұлып алу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Мұндай жағдайда пойыздардың қозғалыс кестесі бұзылады, жолаушылар әбігерге түседі, кенеттен шұғыл тежеу салдарынан жолаушылар мен пойыз қызметкерлері жарақат алуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!