Премьер-министр Олжас Бектенов жолаушылар пойыздарының кешігуіне қатысты мәселені көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектеновтің басшылығымен теміржол саласы мен транзиттік әлеуетті дамыту мәселесі талқыланды.
Үкімет басшысының айтуынша, азаматтар тарапынан пойыз кешіп келгеніне байланысты өтініштер өскені байқалып отыр.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жағдай ерекше бақылауда екенін, ал кешігудің себебі теміржолдарды жөндеу екенін айтты.
"Бұл жағдай жолдарды жөндеуге және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты. Кейінгі 2 жылда жөндеу жұмыстарының көлемін 2-3 есеге арттырдық. Жолаушылар алдындағы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп түсіндірді Нұрлан Сауранбаев.
Еске салайық, 1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!