Еліміздегі пойыздардың кейбір тәртібі сізге ұнамауы мүмкін. Соның бірі ұялы телефоныңызды қуаттау үшін тоққа қосу. Негізгі тоқ көздері жолсеріктерде болғаннан кейін оны ақылы түрде пайдаланамыз. Ал биылдан бастап қатаң сөгіс алған «Қазақстан темір жол» басқармасы ауадан ақша жасап отырған қызметкерлерді жұмыстан шығаратынын ескертті.
«Ұялы телефондар болсын, басқасы болсын, оларды қуат көзіне қосу үшін жолсеріктер ақша алуына қатаң тыйым салынған. Өйткені, бұл қызмет жолаушыларға тегін болып келеді», – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ вице-президенті Асылхан Қалдыкөзов.