- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Пойызда жағдайыңыз нашарласа......
Пойызда жағдайыңыз нашарласа...
Жазда көпшілік демалыс алып, басқа қалаға немесе ауылына қыдырып барады. Бірақ жолда түрлі күтпеген жағдай орын алуы мүмкін. Пойызда жағдайыңыз нашарласа, не істеу керек? Бұл сұраққа "Tengri Travel"-ге "Жолаушылар тасымалы" АҚ жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компания егер жолаушы ауырып қалса, оны бірінші кезекте жолсерікке немесе пойыз басшылығына хабарлау қажет екенін айтты.
"Пойыз жолсеріктері алғашқы көмек көрсетуге және стандартты емес жағдайларға жедел әрекет етуге үйретілген. Олар жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Сонымен қатар, жолсерік жолаушылар арасында дәрігерлер бар–жоғын анықтай алады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, әрбір пойызда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық құралдармен жабдықталған алғашқы медициналық көмек қобдишасы бар.
"Төтенше жағдайларда жолсерік жедел жәрдемді жақын маңдағы станцияға шақырады, онда мамандар медициналық көмек көрсетеді. "Жолаушылар тасымалы" АҚ созылмалы аурулары бар жолаушыларға пойызға отырарда өздерімен бірге барлық қажетті дәрі-дәрмектерді алып келуді ұсынады. Сонымен қатар, ұзақ сапарға шықпас бұрын емдеуші дәрігерден кеңес пен рұқсат алу керек", – деп толықтырды баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда пойызға кешігіп қалсаңыз, билеттің ақшасын қайтара аласыз ба?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова