Пойызда 52 адам газдан уланып қалды: балалардың жағдайы туралы не белгілі?

Пойызда 52 адам газдан уланып қалды: балалардың жағдайы туралы не белгілі?
Фото: depositphotos.com

Алматыда пойыздағы түсірілім кезінде ондаған адам газдан уланып қалды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілі зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Барлығы 52 адам, соның ішінде балалар да зардап шеккен. Тексеріс нәтижесі бойынша 11 бала ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі жансақтау бөліміне жіберілді.

"12 желтоқсандағы жағдай бойынша жансақтау бөлімінде жатқан екі науқас бейінді бөлімге ауыстырылды. Қалған науқастар тексерістен кейін тұрғылықты жері бойынша ем алуға жіберілді", - деді ведомство өкілі.

Еске салайық, бұған дейін 50-ден аса адам пойызда газдан уланып қалғаны, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget