Алматыға пойызбен келіп, кейін хабар-ошарсыз кеткен Шымкент тұрғыны Дмитрий Малиновский өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында мәлімдеді.
1977 жылы туған ер адам 13 тамызда кешке Алматыға пойызбен кеткен. Ол Алматыға 14 тамызда сағат 15:30-да келген. Содан бері оның орналасқан жері белгісіз болды.
Ал 1 қыркүйекте жоғалған адамның қайтыс болғаны анықталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!