Пойыз тамбурының әйнегін сындырған мас жолаушы айыппұл арқалады

Пойыз тамбурының әйнегін сындырған мас жолаушы айыппұл арқалады
Фото: depositphotos.com

Мас жолаушы пойыз тамбурының әйнегін сындырып, 300 мың теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Орал - Астана бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде 48 жастағы Қостанай облысының тұрғынын ұстады. Тексеру барысында азаматтың алкогольдік ішімдік ішіп, тамбур есігінің әйнегін сындырғаны анықталды. Бұдан бөлек, ол билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан.

Тәртіп бұзушы Ақтөбе облысындағы Әйтеке би станциясында пойыздан түсіріліп, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оған алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органының өкіліне бағынбау баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс сотқа жолданды.

Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 85 айлық есептік көрсеткіш (334 220 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан