Пойыздың мас жолаушысы жолсерік әйелге пышақпен шабуыл жасады. Оқиға 23 қарашада болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметінің хабарлауынша, шабуыл жасаған адам ұсталды.
"Мас жолаушы жолсерік әйелді қадалғыш затпен қорқытқан. Оқиға салдарынан ол аздап жарақат алды. Жолаушыны пойыз бригадасының қызметкерлері ұстап, тәртіп сақшыларына тапсырды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Зардап шеккен жолсерікке жедел алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, одан кейін жақын маңдағы станциядағы ауруханаға жеткізілді. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазір ол денсаулығына байланысты демалыста.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!