Санкт-Петерборда порноактриса Анастасия Гришманды өлтірді деген күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Gazeta.ru.
Сонымен бірге, ол қыздың сүйіктісі екенін және өлтіруді порноактрисаның өзі сұрағанын айтқан. Себебі әйел өзін-өзі өлтіруге батылы жетпеген.
"Алдын ала жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады. Алғашында ол әйел есінен адасқанын айтты. Оның сөзінше, әйел өзін өлтіруді сұрапты. Дегенмен, ол әлі де өз жауаптарында шатасып жатыр", - деді құқық қорғау органдарындағы дереккөз kp.ru порталына.
Басылым мәліметінше, Гришманның жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған құрбысы да күдіктінің нұсқасын растаған. Ол актриса ұзақ уақыт бойы өлтіруді өтінгенін айтты, өйткені ол "азап көрді, бірақ өз-өзіне қол жұмсауға бел буа алмаған". Сонымен бірге, құрбысы порноактриса үшінші рет сұраған соң жігіт "сүйіктісін азаптан құтқаруға" келіскенін айтқан.
Еске салайық, бұған дейін Ресейде атақты порноактриса Анастасия Гришман өз пәтерінен өлі табылғаны хабарланған болатын.