Қазақстан полициясы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматының халықаралық әуежайында Интерполдың сұрауымен Моңғолия азаматы ұсталды.
"Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін Польшаның құқық қорғау органдарымен іздеуге жарияланған", – делінген хабарламада.
Қылмыстық топтың құрамында болған және жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 миллион бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған. Кедендік алымдардан жалтарған. Осылайша, бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген. Ұсталған адам қамауға алынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!