- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Польшадағы жарылысқа жауапты...
Польшадағы жарылысқа жауапты кім?
Польшадағы жарылыс әлем елдерінің назарын аударды. Беделді ұйымдар, Польша билігі бұл жарылысты тексеріп жатыр. Ал Украинада әскери жағдай ақпанның ортасына дейін ұзартылды. Massaget.kz тілшісі Украинадағы кейінгі оқиғаларға шолу жасады.
Украина әскери жағдайды ақпанның ортасына дейін ұзартты
Украина Жоғарғы Радасының депутаттары әскери жағдайды ұзарту және жалпы ортақ мобилизация туралы заң жобасын 2023 жылдың 19 ақпанына дейін мақұлдады. Бұл туралы украиналық депутат Ярослав Железняк мәлімдеді. Әскери жағдай туралы заң жобасын 294 депутат, мобилизация туралы заң жобасын 297 депутат қолдаған. Депутаттар бұл мәселе бойынша бесінші рет дауыс беріп отыр.
Украина Польшадағы жарылыс орнына рұқсат сұрап отыр
Украина Польшадағы жарылыс орнына рұқсат сұрап отыр. Олар оқиғаны жан-жақты зерттеуге дайын. Бұл туралы Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов мәлімдеді.
Олар жарылыс орнына Украинаның Қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік шекара қызметінің өкілдерін жіберуді сұрайды.
We advocate for a joint examination of the incident with the missile’s landing in Poland. We are ready to hand over evidence of the russian trace that we have. We are expecting information from our partners, based on which a conclusion was made that it’s a ?? air defense missile.
— Oleksiy Danilov (@OleksiyDanilov) November 16, 2022
АҚШ поляк тергеуіне толық сенім білдірді
АҚШ поляк Үкіметінің Украинамен шекарадағы жарылысты тергеуіне "толық сенетінін" айтты.
Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің өкілі Андриенна Уотсонның мәлімдемесінде Польша президенті Дуданың жарылыс украиналық әуе қорғанысы зымыранының құлауы нәтижесі болуы мүмкін деген алдын ала бағалауына қайшы келетін ештеңе көрмегені айтылған.
Wieczorem Prezydent @AndrzejDuda rozmawiał z szefem CIA Williamem Burnsem, który po wizytach w Ankarze i Kijowie jest w Warszawie. Rozmowa dotyczyła ogólnej sytuacji bezpieczeństwa, pojawił się kontekst ostatnich wydarzeń. Na linii PL-US wiele dziś pracy. pic.twitter.com/QuBCWRtksD
— Jacek Siewiera (@JacekSiewiera) November 16, 2022
Сонымен қатар, Польша президенті Анджей Дуда Варшавадағы АҚШ Орталық барлау басқармасының директоры Уильям Бернспен кездескен. Бұл туралы Польшаның Ұлттық қауіпсіздік бюросының басшысы мәлімдеді.
"Әңгіме қауіпсіздік жағдайына қатысты болды", - деп жазды Яцек Сивера Twitter-де.
НАТО Польшадағы жарылысқа Украина емес, Ресей жауапты екенін мәлімдеді
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Польшадағы жарылыс украиналық зенит қондырғыларының нәтижесі болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бірақ ол Ресей соғысқа "түпкілікті жауапты" екенін айтты.
"Бұл оқиғаны тергеу жалғасып жатыр, оның нәтижесін күтуіміз керек. Бірақ бізде бұл қасақана шабуылдың нәтижесі болғаны туралы ешқандай белгі жоқ. Алдын ала талдауымыз бойынша бұл оқиғаның себебі Украина аумағын ресейлік зымырандардың шабуылынан қорғау үшін шығарылған украиналық әуе қорғанысы зымыраны болуы мүмкін", - деді Столтенберг НАТО елшілерінің кездесуінен кейін.
Алайда Столтенберг бұл оқиғаның Украинаның кінәсінен болмағанын атап өтті.
"Ресей Украинаға қарсы заңсыз соғысын жалғастырғандықтан, түпкілікті жауапкершілік соларда", - деді ол.
Important meeting of the #Ukraine Defense Contact Group hosted by ?? @SecDef. #NATO Allies stand firm in supporting Ukraine’s right to self-defence against #Russia’s brutal aggression, including its strikes on civilian infrastructure. Russia must stop the war & end the suffering. pic.twitter.com/hcAMjVswWp
— Jens Stoltenberg (@jensstoltenberg) November 16, 2022
Германия СІМ Ресейге Польшаға соққы жасағаны үшін жауапкершілік жүктеді
Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Ресейге Польшадағы зымыран соққысы үшін жауапкершілік жүктеді.
"Ресейдің қатыгез, басқшыны соғысы болмаса, адамдар өлмес еді. Кейінгі 18 сағат біздің осы кезде сақтықпен әрекет етуіміз қаншалық маңызды екенін көрсетті", - деді Бербок.
Чехия Украинаның 4000-ға жуық әскери қызметкерін оқытуды жоспарлап отыр
Чехия Үкіметі келесі жылы 4000-ға жуық украиналық әскери қызметкерді оқытуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Чехияның қорғаныс министрі Яна Чернохова айтты. Оқыту бес төрт апталық циклде өтеді. Олардың әрқайсына 800-ге жуық әскер қатысады және оның бағасы 975 миллион крон (40 миллион еуро) тұрады.
Швеция Украинаға әскери және гуманитарлық көмек жібереді
Швеция Украинаға алдағы қысты еңсеруге көмектесу үшін 343 миллион еуро көлемінде әскери және гуманитарлық көмек беретінін айтты. Үкімет мәліметінше, Стокгольм шамамен 3 миллиард крон сомасында (276 миллион еуро) әскери көмек және 720 миллион крон (66 миллион еуро) көлемінде қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова