- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Польшада құлаған зымыран...
Польшада құлаған зымыран қайдан ұшырылғаны әлі белгісіз
Польшадағы жарылыс нәтижесі әлі де белгісіз. Сондай-ақ, Украина тарапы ЗАЭС маңында жарылыс болғанын мәлімдеген. Massaget.kz тілшісі Украинадағы кейінгі оқиғаларға шолу жасады.
МАГАТЭ ЗАЭС реакторлары маңындағы жарылыс туралы мәлімдеді
Запорожье Атом электр станциясы реакторларының маңында жарылыс болды. Бірақ ядролық апат болмаған. Бұл туралы халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры Рафаэль Гросси мәлімдеді.
UPDATE: Since this morning, shelling at the site of Ukraine’s #Zaporizhzhya Nuclear Power Plant (#ZNPP) has stopped. There has been damage to parts of the site, but no radiation release or loss of power. IAEA experts will conduct an assessment tomorrow. https://t.co/lvIQk7gaor https://t.co/Ja3CbHPgJ9
— IAEA - International Atomic Energy Agency ⚛️ (@iaeaorg) November 20, 2022
"Кеше кешке және бүгін таңертең Запорожье Атом электр станциясы алаңына жасалған соққы ғимараттарға, жүйелер мен жабдықтарға зақым келтірді, кейбір жарылыс реакторлардың маңында болды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, МАГАТЭ-де алаңдағы радиация деңгейі қалыпты екені хабарланады. Қайтыс болғандар туралы дерек жоқ.
Мелитопольдің астында қатты жарылыс болды - мэр
"Мелитопольдің солтүстігінде - уақытша басып алынған Веселое ауылы, теміржол вокзалы маңында үш үлкен жарылыс болғаны белгілі", - деп жазды Мелитополь мэрі Иван Федоров.
Польша мен Финляндия Ресей активтерін Украинаның пайдасына тәркілеуді ұсынады
Yle мәліметінше, Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Финляндияға сапары барысында Ресейдің ЕО-дағы активтерін Украинаның пайдасына тәркілеуді ұсынды. Ал фин премьер-министрі Санна Марин бұл идеяны қолдаған.
Сонымен қатар, Хельсинкидегі брифинг кезінде Моравецкий Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы қатаң шаралар қабылдау қажет екенін мәлімдеді.
Украина Медведевтің мәлімдемесіне жауап берді
Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Киев "орыс қаласы" екенін айтып, Украина астанасына "шабуыл жасаймын" деп қорқытқан жаңа мәлімдеме жасады. Украина президентінің кеңсесі оған жауап берді.
Медведев Киевтің "әрқашан орыс тілінде ойлайтын және сөйлейтін орыс қаласы" екенін жазды. Бұған жауап ретінде президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак "бұл емделмейтінін" айтты.
Ресей Украинада 4700-ден аса зымыран ұшырды - Зеленский
Соғыс басталғаннан бері Ресей Украинаға қарсы 4700-ден аса зымыран қолданған. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский халықаралық Франкофония ұйымына қатысушыларға үндеуінде айтты.
Ол Ресей өткен сейсенбіде жүзге жуық зымыран соққысын жасағанын, салдарынан 20 миллионнан аса адам электр қуатынсыз қалғанын мәлімдеді.
Польшада құлаған зымыран қайдан ұшырылғаны әлі белгісіз
Поляк радиосы мәліметінше, Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Финляндияға сапармен барған кезде Пржеводов ауылында жарылған зымыран туралы тергеу мәліметтері оның қайдан келгенін дәл анықтауға мүмкіндік бермегенін мәлімдеген.
Jesteśmy partnerami w walce o bezpieczeństwo Europy i europejską przyszłość.
— Mateusz Morawiecki (@MorawieckiM) November 20, 2022
W Helsinkach spotkałem się dzisiaj z @MarinSanna. ?????
———
We are partners in the fight for European security and Europe’s future.
Today in Helsinki I met with @MarinSanna. ????? pic.twitter.com/yk92Dd5ll4
Хельсинкидегі баспасөз мәслихаты кезінде Польша Үкімет басшысынан Пржеводовтағы зымыран жарылысын тергеу нәтижелері туралы сұралған.
"Мұны әлі білмейміз. Бұл үшін мамандар, тергеушілер жұмыс істесін. Украина тарапынан, сондай-ақ, НАТО-дан, халықаралық деңгейдегі, америкалық сарапшыларды тергеуге шақырдық", - деді Моравецкий.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова