Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Польша аумағында Қазақстан азаматы Екатерина Шилова қаза тапқаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, бұл мәселе министрліктің бақылауында.
"Қаза тапқан азаматтың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі марқұмның туған-туыстарымен, сондай-ақ, Польша тарапының құзыретті органдарымен байланыста және консулдық-құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде мәйітті Отанына репатриациялауда көмектесіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Екатерина Шилова өлі табылғаны хабарланды. Алдын ала ақпарат бойынша әйел кісі қолынан қайтыс болған. Бұл туралы марқұмның туысы айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова