Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Екатерина Шилова өлі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша әйел кісі қолынан қайтыс болған. Бұл туралы марқұмның туысы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екатерина Шилованың туысының сөзінше, кісі өлтірді деген күдікпен бір адам ұсталған. Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәлімет жарияланбаған.
Қазір отбасы жерлеу рәсімі үшін қаражат жинап жатыр. Марқұмның туысының айтуынша, оған қомақты қаражат қажет.
Айта кетейік, шетелде жұмыс істеген 43 жастағы қазақстандық Екатерина Шилова ақпанның аяғында туыстарымен байланысқа шығуды тоқтатқан. Жоғалған күні ол Варшавадан Астанаға ұшуы қажет болған, алайда ұшаққа отырмаған. Ол әпкесіне ұшпайтынын және Германияда жақсы жұмыс тапқанын жазған. Бұл хабарлама туыстарын алаңдатқан. Осыдан кейін Екатеринамен байланыс үзілген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!