Қорғаныс министрлігі Халықаралық қатынастар орталығы қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін Польша құқық қорғау органдары ұстағанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажет шаралар қабылданады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та әскери атташенің аппарат қызметкері ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ол Польшада тыңшылық жасағаны үшін ұсталғаны айтылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!