- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Польша алдағы жылдары...
Польша алдағы жылдары Ресеймен соғыс болу қаупі барын мәлімдеді
Польшаның қорғаныс министрінің орынбасары Марцин Оцепа алдағы 3-10 жылда Ресеймен соғыс болу қаупі барын айтты, - деп хабарлайды Dziennik.pl.
Оцепаның сөзінше, мемлекет Польша әскери бұл уақытты барынша қайта жарақтануға пайдалануы керек. Басылым мәліметінше, елдің келесі жылға арналған бюджет жоспарында көп шығын әскерге кетпек - 97 миллиард злота, оның 40 миллард злотасы негізінен Ұлттық Қорғаныс министрлігінің инвестициялары мен инвестициялық сатып алуларын жүзеге асыруға арналған күрделі шығындар.
"Біз тарихтағы ең өршіл қару-жарақ бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз және бұл шаралар оны жеделдетуге мүмкіндік береді. Біз "Абрамс" және К2 танктерін, "Краб" және К9 зеңбіректерін, HIMARS зымыран-артиллериялық кешендерін, барлау және байланыс спутниктерін, Әскери-теңіз күштеріне арналған зымыран фрегаттарын, дрондарды сатып аламыз", - деді Оцепа.
Сонымен қатар, елде он жылда әскерилер санын көбейту жоспары да бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина