"102" арнасының операторына балағат сөздер айтқан семейлік қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адам қаладағы дәмханалардың біріне келгенде мас күйінде болғаны анықталды. "102" арнасына қоңырау шалып, ер адам билік өкіліне тіл тигізген.
Енді тұрғынға билік өкілін қорлағаны үшін 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе қырық тәулікке дейін қамауға алынады.
Полиция азаматтарға полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың заңды әрекеттеріне кедергі келтіргені үшін, сондай-ақ полицейлерді қорлағаны үшін құқық бұзушыларға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін еске салады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!