“Полицияданбыз“. Алматыда жұртты алдап, ақша бопсалаған топ ұсталды

Алматыда азаматтардан ақша бопсалаған жалған полицейлер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдіктілер өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, осы сылтаумен азаматтардан ақша талап еткен.

Арнайы іс-шара барысында күдіктілерден "Полицияға жәрдемдесу отряды" қоғамдық бірлестігінің жалған қызметтік куәліктері, кісендер, ақша тәркіленді.

"Ұсталғандар өздерін есірткі полициясы қызметкерлері ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, ақша талап еткен", - деп жазылған хабарламада.

Үш күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазір тергеу жалғасып жатыр, барлық мән-жайы анықталады", - деді полиция.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!