Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды

Қызылордада көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші полицейлерден жасырынбақ болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облысы Төретам кентіндегі көшелердің бірінде Audi көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің  заңды талабын орындамай, жол қозғалысы ережелерін бұзған жерінен қашып кеткен.

Көлікті тоқтатып, тексеру барысында жүргізуші 2023 жылы 13 желтоқсанда Орал қалалық сот қаулысына сәйкес көлікті масаң күйде басқарғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза түрі қолданылған.

Алайда құқықбұзушы сот қаулысын орындаудан бой тасалап жүргені анықталды.

Оған қатысты бірнеше әкімшілік хаттама рәсімделіп, 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!