Полицияда қазақ тілін түсінетін ит қызмет етеді

Полицияда қазақ тілін түсінетін ит қызмет етеді. "Отыр, жат, тұр" - осы және басқа да көптеген команданы бельгиялық овчарка Логон жақсы түсінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Иісшіл ит ерекше қабілетке ие, ол қазақ тілінде берілген бұйрықтарды мүлтіксіз орындайды.

Қызметтік ит қарапайым тапсырмалардан бастап, күрделі операцияларға жылдам әрі нақты жауап береді.

Логонның осындай ерекше дағдыларының артында ШҚО-дағы кинолог Өмірзақ Қисановтың еңбегі тұр.

Ол итті үйрету үшін көп күш-жігерін және уақытын жұмсады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина