9 қазанда Ақмола облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының мейрамханаларының бірінде 2023 жылғы 27 ақпанда Ташкент қаласының бас ішкі істер басқармасы іздеу жариялаған шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, 37 жастағы ер адам бұзақылық жасады деген айыппен іздеуде болды.
Ол іздестіру туралы білгеннен кейін ел шекарасынан шығып, Шымкентке барған. Одан кейін Көкшетауға барып, сол жерде жасырынып, аспаз болып жұмысқа орналасқан.
Қазіргі уақытта ұсталған адамды Өзбекстанға экстрадициялау туралы мәселе қаралып жатыр, онда ол сот алдында жауап береді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!