Алматы полициясы журналист Вадим Борейконың ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Журналист Вадим Борейконың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Желіде бұған дейін қазақстандық журналист Вадим Борейконың отбасылық жанжалға байланысты ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.
Вадим Борейко - қазақстандық журналист, жазушы, қоғам қайраткері, "Гиперборей" YouTube-каналының авторы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лес