Ішкі істер министрлігі жалған полицейлер туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
WhatsApp-та өздерін полиция өкілдері деп таныстыратын адамдар үйлерді аралап жүргені туралы ақпарат тарады. Олар жеке куәліктерді тексеріп, биометриялық мәліметтерді жинайды екен.
Желіде тараған ақпаратта суреттер мен аудиофайлдар да бар. Онда бір әйел күдіктілердің планшеттері барын және үйге кіруге түрлі сылтау табатынын айтады.
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл хабарламаға қатысты түсініктеме берді.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. ІІМ әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз", - деп жазылған ҚР ІІМ ресми хабарламасында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова