Полиция өкілдері тікелей эфирде түкірген депутат Ерлан Саиров қалай жазаланғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, Полиция департамені өкілдері видеоны зерттеп шыққан.
"Жалпы пайдалану орындарының ластану дерегі бойынша осы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 5 АЕК (15 315 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, 28 қарашада кешкі эфир барысында депутат Екібастұздан тікелей эфирге шыққан. Журналиспен тікелей эфир кезінде сөйлесіп жатып Саиров жерге түкіріп жіберген. Көрермендер бұл сәтті бірден байқап, видеоны кесіп алып, әлеуметтік желіде таратып жіберген.
Ерлан Саиров халықтан кешірім сұрауға да, айыппұл төлеуге де дайын екенін айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!