Әлеуметтік желілерде Zheka Fatbelly лақапатымен танымал блогер қауіпсіздік белдігін тақпай көлік тізгіндегені көрінетін видео пайда болды. Алматы Полиция департаменті өкілі осы жайтқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода Zheka көлігімен жақын арада қоштасатынын айтып, оның артықшылықтарын санамалап көрсетеді.
Полиция мәліметінше, оған әкімшілік хаттама толтырылған.
"Әлеуметтік желіге тексеріс жасау барысында Cadillac маркалы көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталды. Жергілікті полиция қызметкерлері құқықбұзушы - О.-ға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, жүргізушімен ҚР Жол қозғалысы ережелерін бұзбау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді", - делінген полиция жауабында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!