Полиция Талғардағы дүкендегі видеоның тарауына қатысты қылмыстық іс қозғады

Полиция Талғардағы дүкендегі видеоның тарауына қатысты қылмыстық іс қозғады
Фото: скриншот

Талғардағы қайғылы оқиға болған күн туралы пайда болған видео қалай тарап кеткені тексеріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов айтты. 

"Әлеуметтік желіде видеоның тарап кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Кім, қай жерден жібергенін тексеріп, толық ақпарат береміз", - деді Әленов Алматы облысының ӨКҚ алаңында өткен брифингте. 

Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаменті өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

“Қазақ болып күресеміз“. Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған, "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина