Полиция сабаққа келмей жүрген қарағандылық студентті сотқа берген

Қарағанды облысында полиция сабаққа келмей жүрген студентті сотқа берген. Іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция жазған арызда Қарағанды ​​агротехникалық колледжінің 16 жастағы 2-курс студентінің сабаққа бармауы, ата-анасының ұлына тәрбие бермеуі, оған көңіл бөлмеуі және оқуын қадағаламауы туралы айтылған.

Сотта мына жайттар анықталған:

  • 71 жастағы науқас әжесіне күтім жасауына байланысты сабақты шынымен босатқанын және білім алғысы келетінін растайды;
  • бейресми табысының бір бөлігін әжесіне беріп, қалғанын үй қажеттіліктеріне (отын мен көмір сатып алуға) және киім-кешекке жұмсаған;
  • есепте тұрмаған, қаңғыбастық, алкогольдік ішімдіктерді немесе есірткі заттарын тұтыну фактілері байқалмаған, қоғамдық тәртіпті бұзбаған, қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, полициялық есепте жоқ.

Ата-анасы бала тәрбиесіне көңіл бөлмеген және оған қамқорлық көрсетпеген, олар басқа қалада тұрады.

Студенттің анасына "Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және бағып-қағу бойынша өз міндеттерін орындамаған ата-ана" санаты бойынша есепке алынып, алкогольдік ішімдіктерді ішкені және ата-анасының баланы тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылды.

Студенттің әкесі ата-ана ретінде ұлына дұрыс көңіл бөлмегенін мойындап, басқарманың мәлімдемесімен келіспейтінін білдірді.

Прокурор арыздан бас тарту туралы шешім қабылдады. Осыны ескерген сот полиция басқармасының арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Алдағы уақытта кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында уәкілетті органдарға арнайы ұйғарым шығарылды.

Сот әлеуметтік және отбасын дамыту ұйымдарымен бірлесіп кәмелетке толмағанды ​​кешкі мектепке қабылдау шараларын қабылдады. Шешім заңды күшіне енді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!