Полиция ірі көлемде есірткі жеткізетін арнаны жойды

Полиция ірі көлемде есірткі жеткізетін арнаны жойды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола облысының аумағына ірі көлемде есірткі жеткізушінің ісіне тосқауыл қойылды.

Ақмолалық жедел уәкілдер елордада заңсыз айналымнан 34 келіге жуық марихуана тәркіледі. Бұл – қара нарықтағы құны 34 миллион теңге болатын 7 мыңға жуық дозаға тең. Сонымен қатар құны 5 миллион теңге болатын 500-ден аса дозаға тең 2 келіден аса гашиш табылды.

"54 жастағы ер адам есірткіні тек өзінің үйінде емес, жалға алынған жертөледе де сақтаған. Мұнда полиция қызметкерлері есірткі заттарын орауға арналған құрылғыларды тәркіледі. Осы дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Күдікті қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!