- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция "Оралда утилизациялық...
Полиция "Оралда утилизациялық алыммен келіспеген көлік иелері митингіге шықты" деген ақпаратты жоққа шығарды
Полиция "Оралда утилизациялық алыммен келіспеген көлік иелері митингіге шықты" деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Оралда мемлекеттік органдардың өкілдері шетелде тіркелген көліктері бар тұрғындармен кездесіп, мұны заңдастыру мәселелерін талқылады.
"Кездесу 2 ақпан күні Оралдағы "Достық" үйінде өтті. Оны мемлекеттік кірістер департаменті БҚО полиция департаментімен бірлесе ұйымдастырды. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері мен 120-ға жуық көлік иелері қатысып, Қазақстан аумағында шетелде тіркелген автокөліктерді заңдастыру және тіркеуге қатысты түсіндірмелер мен кеңестер берілді", - делінген хабарламада.
Жиын барысында қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ. Соңында жиынға қатысушылар тарап кетті.
Осы кезде әлеуметтік желілерде Оралда утилизациялық алыммен келіспеген көлік иелері митингіге шыққаны туралы ақпарат тарай бастады. Алайда полиция мұны растамады.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты полиция көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салып, адамдарды ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан