Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді

ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов полиция Тәуелсіздік күні қарсаңында қызмет режимін күшейтетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Әділов Мәжіліс дәлізінде мәлімдеді.

"Ішкі істер органдарының ең басты міндеті - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес азаматтарымыз демалатын және демалыс күндерін қоғамдық орындарда өткізетін мереке күндері полиция міндетті түрде қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшеді", - деді ол.

Айта кетейік, биыл 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні дүйсенбіге тұспа-тұс келеді:

  • 14 желтоқсан, сенбі: алты күн жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;
  • 15 желтоқсан, жексенбі: әдеттегі демалыс күні;
  • 16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні (барлығына демалыс).

Еске салайық, бұған дейін Жаңа жылға дайындыққа байланысты ІІМ, ТЖМ күшейтілген жұмыс режиміне көшетіні хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!