Петропавл қаласында шекаралық ынтымақтастық аясында бiрлескен Үйлестiру тобының отырысы өттi. Iс-шараға Солтүстiк Қазақстан облысы мен Ресей Федерацияның Қорған, Омбы және Түмен облыстарының полиция қызметкерлерi қатысты. Бұл туралы Солтүстiк Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қатысушыларды Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов құттықтап, тәуелсiздiктiң 25 жылдығында мемлекетпен бiрге iшкi iстер органдары да жаңғыртылғанын атап өттi.
«Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi өз қызметiн тұрақты түрде жетiлiдiрiп келедi және бүгiнде Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары жүйесiнiң алдыңғы қатарынан орын алады.
Өңiрдегi оң жағдайға байланысты экономика және әлеуметтiк сала да дамып келедi. Қоғамдық қауiпсiздiк — бизнестi жүргiзу мен өңiрге инвестиция тартудың тағы бiр артықшылығы. Мысал ретiнде айтатын болсақ, өткен жылы облысқа 155 млрд. теңгелiк шет ел инвестициясы тартылған. Бұл республиканың өзге өңiрлерi арасында iлгерi орынға ие болуға мүмкiндiк бердi», — дедi облыс әкiмi.
Сондай-ақ, Ерiк Сұлтанов құқық қорғау органдарының шекаралық ынтымақтастығы үлкен мәнге ие екенiн атап өттi. Экстремизм мен терроризм, есiрткi саудасымен күрес, заңсыз көшi-қон мәселелерi бойынша күш бiрiктiрудiң қажеттiлiгiне тоқталды.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қоғамдық тәртiп пен қылмысқа қарсы күрес мәселесi жөнiнде құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты бекiту бойынша белсендi жұмысы үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Ресейдiң полиция қызметкерлерi мен Қазақстанның iшкi iстер министрлiгiнiң өкiлдерiне алғыс хаттар табыстады.
Омбы облысы бойынша Ресейдiң IIМБ басшысының уақытша мiндетiн атқарушы Любовь Аксенова мекеме атынан өңiр басшысына Солтүстiк Қазақстан облысы мен Омбы облысының Ертiс маңы облыстарымен өңiраралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан жеке үлесi үшiн алғысын жеткiздi.
Iс-шара барысында екi мемлекеттiң тәртiп қорғау органдары экстремизм мен терроризм, есiрткi саудасымен күрес, заңсыз көшi-қон мәселелерi бойынша күш бiрiктiру мәселелрiн талқылады.