Ақмола облысында Көкшетау қаласының тұрғындарының ақшасы мен түрлі гаджеттерін алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы иемденген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жәбірленушілермен алаяқ қала көшелерінде танысып, аяушылық пен жанашырлық танытып, осылайша ақша тапты.
Мысалы, зардап шеккендердің бірі полицияға хабарласып, белгісіз жас жігіттің қызына тиесілі iPhone 14 Pro смартфонын алдау арқылы иемденгенін, ал екінші өтініш беруші белгісіз адам ұлының PS4-ін алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлады.
Жалпы 22 жастағы Алматы тұрғыны 9 ақмолалықтан ақшалай қаражат пен түрлі гаджеттерді алдап алған.
Қазіргі уақытта залал сомасы белгіленіп жатыр. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!