Полиция қызметкері жеке тұлғаның ұялы телефонын талап етіп, оның хат алмасу мен мобильді банкингін тексере ала ма? Бұл сұраққа сот Динара Құйқабаева жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман сұраққа жауап бермес бұрын танысының оқиғасын бөлісті. Оның айтуынша, тура осындай жағдай танысының басынан өткен.
"Полицей сіздің ұялы телефоныңызды талап етіп, жеке хат алмасу және мобильді банкингті көрсе, не істеу керек?
Бұл сұраққа жауап берердің алдында, ұқсас жайтты бөліскім келеді:
Полицейлер менің досымның ұялы телефонын алып, құпия сөзді талап еткен, алайда ешқандай құжат көрсетпеген. Құпия сөзді білгеннен кейін түнгі сағат 00.00-ге дейін олар оның аккаунтынан онлайн отырған.
Негізінен полиция қызметкердің іс-әрекеті заңсыз. Өйткені, құзырлы органдар ұялы телефонды алуға және белгілі бір деректі алуға арнайы қаулысы болған жағдайда ғана жеке мүлікті тексеріп, қарауға құқылы. Оған қоса, олар ұялы телефонды тексеріп, иесіне қайтарып беруі қажет, оны өзіне қалдыруына болмайды. Яғни, егер полиция қызметкерде ұялы телефоннан қандай да бір деректі алу туралы арнайы қаулысы болмаса, сіздің ұялы телефонды бермеуге құқығыңыз бар", - деп жауап берді ол.
Айта кетейік, бұған дейін сот "жеке тұлға қандай кезде мемлекеттік органның үстінен шағым түсіре алады?" деген сұраққа жауап бергені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ қоғамында кімдер артықшылыққа ие болды?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!