- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция қызметкері фото...
Полиция қызметкері фото үшін қызды аяусыз соққыға жыққан
Полиция қызметкері фото үшін қызды аяусыз соққыға жыққан. Зардап шеккен қыз оқиғаның қалай болғанын баяндап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Мадина (есімі өзгертілді) сол күнгі оқиғаны үреймен еске алады. Шымкент тұрғынының айтуынша, маусым айында оны полиция қызметкері туысымен бірге жұмыс орнында қатты соққыға жыққан. Ауыр соққылардан кейін учаскелік полиция қызметкері оны қызметтік көлікпен қағып кеткен. Мадинаның бірнеше жері көгеріп, жарақаттар алған.
"Мұның бәрі Instagram желісінен басталды. Мен оның әйелін білмеймін. Ол менің парақшама жалған атпен жазылды. Жақында менің туған күнім болған, сосын бірге фотоға полицей және бірнеше досымен суретке түстік. Полиция қызметкері әйелінің суреттерді көргенін айтты маған. Мен айттым оған, сонда отбасылық жанжал үшін мені көлікпен қағып кеттіңіз бе?," - деді Мадина.
Оқиғадан кейін жәбірленуші полицияға арыз жазған. Күдіктіге "денсаулыққа жеңіл зиян келтіру" әкімшілік бабы бойынша іс қозғалған. Мадинаның айтуынша, сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындамай, кешірім сұрамай, күліп отырған.
"Кеше ғана сотта ол өтірік сөйледі. Мен естігенімде таңғалдым! Ол қандай да бір ертегілерді ойлап тапқан. Мен оған қоңырау шалып, шақырған екенмін. Сонда ол маған қоңырау шалғаны туралы дәлелдер келтіруім керек пе? Ол адвокаттармен осы жағдайдан қалай құтылуға болатындығы туралы кеңес алған сияқты. Себебі сол күні мұның бәрі болған кезде оның басшысы маған келіп, өтініш жазбауымды өтінді. Олар шошып кетті, бұл әрекет оларға дақ болатынын білдім. Ол мені қызметтік көлікпен әдейі қағып кетті", - деді Мадина.
Жәбірленуші жанжалдың себебі Полицейдің әйелі күйеуінің Мадинамен бірге түскен суретіне деген "қызғаныш болуы мүмкін" деп күдіктенеді. Адвокат Әлімжан Сәтбайдың айтуынша, істе көптеген шикіліктер бар. Ол полиция департаментінің басшылығына жүгінген. Алайда, әзірге нақты нәтижелер жоқ.
"Қандай жағдайда жанжал туындағаны маңызды емес. Неліктен? Өйткені кез келген жағдайда Қазақстанның кез келген азаматы қорғауға құқылы. Бүгінде полиция қызметкері оны неге ұрып-соғып, одан әрі қызметтік көлікпен адамды қағып кеткенін білу керек. Біздің өтінішімізден кейін бір ғана куәгерден жауап алынды", - деді жәбірленушінің адвокаты Әлімжан Сәтбай.
Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға түсініктеме берді.
"Қазіргі уақытта азаматтың өтініші бойынша Еңбекші РУК полиция қызметкеріне Шымкент полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Бұл дерек полиция департаментінің басшылығының бақылауында", - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жәбірленуші материалдық және моральдық шығынды өтеуді талап етпейді. Ол істің әділ өткенін ғана қалап отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Алғабек