Қостанай облыстық полиция департаменті ауылдық округ әкімінің асылып қалғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қостанай облысы полиция департаменті Ұзынкөл ауданындағы үйдің ауласында ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаменті Massaget.kz тілшісіне.
Жүргізілетін тергеу шеңберінде ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!