- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция көлігіне тас...
Полиция көлігіне тас лақтырған Риддер тұрғыны екі жылға сотталуы мүмкін
Фото:
Polisia.kz
Риддер тұрғыны полиция көлігіне тас лақтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Риддердің 28 жастағы тұрғыны Риддер полиция бөлімі ғимаратының алдындағы автотұрақта бұзақылық ниетпен "ВАЗ" маркалы қызметтік көлікке тас лақтырып, көліктің алдыңғы қанаты мен терезе тазалығышын зақымдаған.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина