Қарағандыда патрульдік полицейлер жаяу жүргінші қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға сәті бейнекамераға түсіп қалған. Ал жазба кейінірек әлеуметтік желіде тарады. Кадрда қыздың жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанын, оны патрульдік полиция көлігі қағып кеткенін көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қарағанды облысының полиция департаменті 22 жастағы қыздың медициналық мекемеге жеткізілгенін хабарлады.
"11 ақпанда Воинов-Интернационалистов көшесінде Қарағанды қалалық ІІБ-нің патрульдік полициясының бригадасы соқтығыстан қашу кезінде жаяу жүргінші өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан 22 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды" делінді облыстық ПД-да.
Бұған дейін Премьер-Министр Олжас Бектенов жаппай жол-көлік оқиғаларының көбеюіне назар аударған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин