Полиция қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескерту жасады

Соңғы кездері Қазақстанда алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар адамдардың деректері мен ақшасын иемдену үшін өздерін әртүрлі ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтар өздерін пошта қызметінің курьерлері, флюорографияға кезекке тұрғызумен айналысатын қызметкерлер немесе энергетикалық компаниялардың қызметкерлері деп таныстыруы мүмкін.

Алаяқтар адамдардың сеніміне кіріп, жедел әрекет етуді талап ететін бірнеше түрлі схемаларды қолданады.

"Екінші кезеңде алаяқтар қызметті растайтын SMS-кодты айтуыңызды сұрайды", - дейді Павлодар облысы полиция департаменті киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат.

Келесі кезеңде жәбірленушіге "банктің қауіпсіздік қызметкерлері" хабарласып, біреудің оның атына несие рәсімдеуге тырысып жатқанын айтады. Өз қаражатын қорғау үшін алаяқтар "қауіпсіз" әдіс ретінде жәбірленушіге несиені өзі рәсімдеуді және ақшаны арнайы "қауіпсіз" шотқа аударуды ұсынады.

"Нәтижесінде, жәбірленуші алаяқтардың алдын ала белгісіз шоттарына қаражат аударуға итермелеп, үлкен қаржылық шығынға ұшырайды. Полиция азаматтарды жеке мәліметтерді бөтендерге бермеуге, SMS арқылы келген кодтарды ешкімге хабарламауға, күмәнді адамдармен сөйлесуден аулақ болуға және кез келген күдік туындаған жағдайда дереу банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады", - дейді Ризабек Жанат.

Есіңізде болсын, банктер мен ресми мекемелердің қызметкерлері сізден ешқашан кіру кодтарын талап етпейді және шұғыл түрде әрекет етуіңізді сұрамайды.

1414 қызметі қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!