Бір ай бұрын қазан айының аяғында жоғалып кеткен Алматы тұрғынының жүрек ауруынан қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі 30 қазан күні Алмалы ауданындағы үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылғанын хабарлады.
"Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес өлімге жүрек ауруы себеп болған", - деді полиция.
Айта кетейік, 1994 жылы туған Әйгерім Супатаева 26 қазан күні жоғалып кеткен. Кешкі сағат 21:00-де Медеу ауданы, Шевченко көшесі, 15А үй мекенжайындағы үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Полиция қыздың денесі Алмалы ауданындағы үйлердің бірінен табылғанын хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!